{metadescription}
0:000:00
Қорғаныс министрі: Өрімдей жігіттердің өзін өлтіруіне әскердегі  әлімжеттік себеп емес 

Қорғаныс министрі: Өрімдей жігіттердің өзін өлтіруіне әскердегі  әлімжеттік себеп емес 

Аңдамай сөйлеймін деп тағы да басы дауға қалды. Өрімдей жігіттердің өмірден баз кешуіне «әскердегі әлімжеттік себеп емес» деген қорғаныс министрінің бұл жолғы пікірі көпшілікке ұнай қойған жоқ.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

Бірінші кезекте не себепті жас жігіттер өзіне қол жұмсағанын түсінуіміз керек. Бұған армия ғана кінәлі емес. Әрине, олардың әскерге келгені, өміріне деген жауапкершілік командирлерге жүктелетіні түсінікті. Бірақ адам азаматтық қоғамнан пісіпжетіліп, бізге өз проблемаларымен келеді.

«Әскер қатарына шақыртылған өрімдей жастардың өлімі неге жиілеп кетті?» деген сауалға Руслан Жақсылықов осылай жауап қатқан болатын. Қорғаныс министрі қарамағындағы командирлерді ақтағысы келді ме, әйтеуір қайғылы жағдайларға «тек әскерилерді айыптау орынсыз» деген ойын білдірді.

Жоғары лауазымды шендінің бұл уәжі жұрттың басым бөлігіне жақпай қалды. Айта кетейік, Руслан Жақсылықовты журналистердің қыспаққа алуы бекер емес. Өйткені соңғы екі айда елімізде үш сарбаз әскерде жүріп көз жұмған. Анығы, өз-өзіне қол салды деп айтылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.