Tik-Tok түсіремін деп теңізге батты – Ақтау
Tik-Tok түсіремін деп теңізге батты Ақтауда әлеуметтік желіге видео түсіремін деп суға секіріп өлген жасөспірімнің денесі табылды. 12 сағат бойы іздеген сүңгуірлер мәйітті алты метр тереңдіктен алып шыққан.
Автор: Айман Нұрмағанбет
08.06.2022
Суға секіруге дайындалып тұрған баланың соңғы кадрлары. Өнер колледжінің 1-курс студенті екі досымен Tik-Tok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін шамамен екі метр биіктіктен суға секірген. Бірақ 18 жастағы жігіт сол бойы су бетіне шықпаған. Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат бес шамасында болған.
Жасөспірім Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылының тумасы. Құтқарушылар оның денесін бүгін таңғы жеті жарымда, жағалаудан он метр жерден тапқан. Осылайша соңғы үш аптада Каспий теңізінде бес адам қайтыс болды. Теңіз тартып кеткендердің көбі – жастар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!