Алабай тұқымдас екі ит 7 жасар қызды талап тастады – Алматы облысы
Алматы облысында жеті жасар қызды екі ит талап тастады. Бірінші сынып оқушысын қос алабай бетінен бастап, арқасы мен жамбасына дейін тістеген. Енді оның ата-анасы итіне ие бола алмаған көршісін қылмыстық жауапқа тартып, өтемақы төлеуін талап етуде. Өйткені қыз баланың бетіне пластикалық ота жасату қажет екен.
Автор: Салтанат Шырынхан
08.06.2022
Гүлжан Білманова, Мәдинаның жеңгесі:
- Жарым түнде ауруханаға жедел жәрдеммен апардық. Сол жерде хирургтар қабылдамай, тіге алмаймыз дейді, жарасы терең, қорқынышты деді, мұндайды бірінші рет көріп тұрмыз деді. Бетінде бес-алты жерінен тікті. Құлағының асты, арт жағы. Жамбасы. Мойны тыртық. Беті көгерген. Арқасында тырнақтың іздері. Аяғы. Түгел бастан-аяқ жырылған, тістелген. Қос ит жерге аунатқан.
Жеті жасар Мәдинаға тап берген – көршісінің қамалмаған алабай тұқымдас екі иті. Қабаған иттер сіңлісімен бірге көшеге ойнауға шыққан тұста жабылған. Жанындағы бес жасар сіңілісін қорғаймын деген әпкесінің денесінің сау тамтығы қалмапты. Қыздың жан дауысынан тек алабайлардың қожайыны шығып ажыратқан. Көршілері жедел жәрдемге хабарласып үлгеріпті. Ал қыздардың ата-анасы сол сәтте жұмыста болған.
Қаршадай қыздың қанға боялған киімдері әлі тұр. Барлығы сараптама, талдау нәтижелеріне керек дейді Мадинаның жақындары. Өйткені қос иттің қожайыны қолына болар болмас ақша ұстатып қоя берген. Енді иттерін бос жіберіп, қақпасын ашық қалдырған иесіне қатысты бүлдіршіннің ата-анасы арыз жазып, қылмыстық іс қозғалтып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!