{metadescription}
Түркістанда жүздеген студент дипломсыз қалуы мүмкін
Түркістанда жүздеген студент дипломсыз қалуы мүмкін

Түркістанда жүздеген студент дипломсыз қалуы мүмкін

Түркістанда жүздеген студент дипломсыз қалуы мүмкін. Себебі екі жыл бұрын ғана ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетіндегі кейбір факультеттер жабылып жатыр. 

Яғни дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығында оқып жатқан 300-ден астам шәкіртке жоғары оқу орнының басшылығы келесі оқу жылынан бастап бұл мамандықтардың оқытылмайтынын айтыпты. Осыны естіген ата-аналар бүгін университет алдына жиналды. Ал, білім ошағының басшылығы расымен де педагогикалық саланың лицензиясы жойылып жатқанын жеткізді.

Құрылғанына екі жыл ғана болған Халықаралық туризм және меймандостық университетінде кешеден бері абыр-сабыр болып жатыр.  Себебі, жоғары оқу орнының басшылары қыркүйектен бастап дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық факультеттері жабылатынын айтқан. Тіпті осы уақытқа дейін ақылы бөлімде оқыған студенттердің ақшасы қайтарылмайды депті университет өкілдері. 

Севина Вахапова, студент:

- Біз сіздердің жақтарыңыздамыз, но лучше тарап кете салғандарыңыз дұрыс болашақтарың үшін. По любому сендердің дипломдарың жарамсыз болады деді. -Мұны кім айтты? – Ректордың өзі айтты.

Дүрліккен студенттер мен ата-аналардың кейбіріне кураторлары университет лицензиясынан айрылды дегеннен асып ештеңе айта алмаған. Сондықтан, наразы ата-аналар ұл-қызын алып ректорат алдына жиналды. Олар балаларымыз дипломсыз қала ма деп қорқады. 

Баян Анарбаева:

- Ата-аналарға бір рет ескерту жасалынған жоқ. Студенттерді ғана шақырды дағы болды, жабыламыз, сіздерде ары қарай жоқ деп. Я шешімді көрсетпейді, я басқаны көрсетпейді. Одан кейін жаңағы бізде не бар ғой ақылы да оқиды, менің өзімнің балам ақылыда оқиды. Ал грантта оқитын балдар үшін ертең басқа университетке бара салыңдар, бірақ біз грантты алып қаламыз, грантты сіздер неғыласыздар, сол жаққа барып ақылы оқисыздар деп. Бір шешімді ешкім хабарын айтпай отыр.

Райхан Төлеуова:

- Қызымның настроениесі түсіп кеткен. Не болды десем біздің универ жабылайын деп жатыр, кешеден бері тамақ ішпейді не басқа қылмайды. Стресс болып жатыр ғой. Сонда біздің балдарымыздың болашағы далада қала ма не?

Ата-аналар шулаған соң университет басшылығы шықты. Ректордың  міндетін атқарушы, университет екі бағыт бойынша яғни, туризм және педагогикалық бағытта білім беретінін жеткізді. Сол 326 студент оқып жатқан педагогикалық сала лицензиясынан қағылуы мүмкін дейді басшы. 

Қарлығаш Аралбекова, Халықаралық туризм және меймандостық университеті ректорының міндетін атқарушы:
- Лицензия қазір алынады деген министрліктерден ақпарат келді ғой сіздерге? – Ақпарат келді, бірақ құжат ретінде ресми құжат ретінде келген жоқ. Сондықтан біз сіздерге бірдеңе деп айтайын десек әліде бізде үміт болып тұр да осыны сақтап қаламыз ба деген. 

Университет лицензиясы қалар, қалмасы белгісіз. Десе де ата-аналар балаларының осы жерден диплом алып шыққанын қалайды. Сондықтан педагогика саласын жаппауды сұрап премьер-министрге хат жазды.

Ата-аналардың өтініші қабыл болмаса онда қыркүйек айынан бастап дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығын оқып жатқан 326 студент жан-жаққа тарауы керек. Грантта оқитын 200 шәкірт Қазақстанның кез-келген университетіне өтуі мүмкін болса, ақылы бөлімдегілердің  мәселесі әлі қаралады екен. Сондай-ақ, оқытушылар арасында да қысқарту болмайды дейді. Бірақ, бұл мәселенің нүктесін министрлік қана қоймақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.