Таразда 43 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірді
Таразда 43 жастағы әйел өз күйеуін пышақтап өлтірді. Сүйген жарына суық қару жұмсаған күдікті кінәсін толық мойындап қамауға алыныпты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.06.2022
Қайғылы жағдай күндізгі сағат бес шамасында қаланың шет аудандарының бірінде болған. Полицейлерге түрлі дене жарақатын алған азаматтың ауруханаға жеткізілгені бойынша хабар түскен. Оның жағдайы ауыр болса керек. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, сол жерде есін жимастан жан тапсырды.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 47 жастағы қала тұрғынын азаматтық некедегі әйелі пышақтап өлтірген. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Ол кінәсін толық мойындап уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті бұрын сотты болмаған. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелі күйеуін өлтіріп тастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!