Тоқаев: Алдымен ішкі нарықты газбен қамту қажет
«Алдымен ішкі нарықты қамту қажет». Елдегі газ тапшылығының алдын алудың жолы осы деді бүгін президент шетелдік инверсторлармен кеңесте. Өйткені газ тұтынушылардың саны өскен. Қазақстанда газдандыру деңгейі 53 пайызға жетіп, 10 миллионға жуық азамат газға қол жеткізді.
Автор: Елдос Есенбол
09.06.2022
Алматыдағы жылу электор орталығын газға көшіру мен жаңа газ-химия кешендерінің салынуы да шығынға әсер еткен. Қасым Жомарт Тоқаев осы себептерге байланысты ішкі нарықтың қажеттілігін бірінші орынға қою керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Газ экспортына қарағанда ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету маңызды екенін қадап айтқым келеді. Үкіметке Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесе отырып, экспортталатын екі миллиард текше метр газды ішкі нарыққа қайта бағыттауды тапсырамын.
Үкіметке Қашағанда қуаттылығы 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу мәселесін шұғыл шешу міндеті де қойылды.
Сонымен қатар президент атом электр станциясын пайдаланудың маңызына тоқталды. Өйткені газ тапшылығы бола қалған жағдайда, бұл үздіксіз энергия алудың балама көзі деді президент. Қазіргі таңда мемлекет атом электр станциясын салатын аймақты белгілеген – Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Енді соны салатындардың технологиясын зерттеп жатырмыз дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!