{metadescription}
Дана Нұржігіт: Әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек
Дана Нұржігіт: Әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек

Дана Нұржігіт: Әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек

Әйелдер үшін 63 тым көп! Әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы бүгін Сенатта айтылды. Депутат Дана Нұржігіттің пікірінше, әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару керек.

2015 жылы зейнетақы жүйесін реформалау басталғанда келтірілген дерек қате деп есептейді депутат. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымының дерегінде Қазақстандағы әйелдердің орташа өмір сүру жасы 78 деп көрсетілген екен. Мұнымен келіспеген сенатор, соңғы кезде көбейіп кеткен өлім-жітімнің салдарынан әйелдер зейнетақы қорына жинаған аз тиынының қызығын көре алмай жүр дейді.

Зейнат жасын қысқартудың тағы бір себебі – жұмыссыздық. Дана Нұржігіттің пікірінше, 63 жасқа дейін қызметте отырып қалған әйелдердің кесірінен жастарға орын бұйырар емес. Бұл ретте соңғы бір жылда жұмыссыздық санының он пайызға өскенін дәлел ретінде көрсетіп, Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Дана Нұржігіт, Сенат депутаты:

- Әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 деп бекітіп, ал егер де әйел ары қарай жұмыс істеймін десе өз құқы, өз еркі деп қарастыруыңызды сұраймын. Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес, азаматтар жұмыс орнын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыра беретін болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз. Соңғы кездері Үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде