{metadescription}
Шымкент – Түркістан арасындағы ақылы жол айырылып кетті
Шымкент – Түркістан арасындағы ақылы жол айырылып кетті

Шымкент – Түркістан арасындағы ақылы жол айырылып кетті

Бетон жолдар да бүлініп жатыр. Шымкент пен Түркістанның арасындағы ақылы жол айырылып кетті.

Шымкенттен 70 шақырым жердегі бетон жолдың бұлайша бүлінуіне ауа райы себеп болған дейді мамандар. 41 градус ыстыққа шыдамаған плита ісініп, ілезде көтеріліп кеткен. Соның салдарынан екі ортада жүйіткіген жеңіл көліктер өте алмай қалды. Жол тексерушілер дереу байқап, көліктерге уақытша айналма жол жасап берген. Әйтпесе жылдам жүруге рұқсат етілген жолда көлік пен адам шығыны болуы мүмкін еді. Жол жөндеушілер бірнеше сағат ішінде 15 тонна асфальт төгіп, жарылған жерді жамап қойды.

Қуатжан Жұматаев, «ҚазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы филиалының директоры:

- 45 болды, кеше күн ыстық болды. Бүгін де күн ысыған сайын бетонда қысым көбейеді. Сонымен қатар нақты сол жері екі жыл алдында жөнделген. Қайтадан қысылып, бетон содан жарылып жатыр. Жыл басынан бері бұл бесінші рет қайталанып отыр. Былтыр 50 шамада болған жағдай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде