{metadescription}
Елімізде вейптерге түбегейлі тыйым салынады
Елімізде вейптерге түбегейлі тыйым салынады

Елімізде вейптерге түбегейлі тыйым салынады

Арзан түтін түбіне жетеді! Елімізде вейптерге түбегейлі тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгін экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Айтуынша, қазір балалар екі-үш мың теңгелік никотиндерге әуестеніп алған.

Денсаулыққа зиян өнімді осылайша сатылымнан толық алып тастамайынша, бұл шылымды жеткіншектерге емін-еркін сататындарды тезге салудың жолы жоқ. Бірақ оны электронды темекімен шатастырмау керегін ескертеді. Яғни қыздырылатын шылымға құнының 70% мөлшерінде акциз салу туралы да шешім қабылданғалы жатыр.

Соңғы уақытта вейптер мен қыздырылатын табак тұтынушыларды қаланың әр аттам жерінен байқап жатамыз. Әсіресе оқушылар мен жастар арасында аталған өнімді пайдаланушылар көп. Өйткені ол баға жағынан арзан әрі аумақтық тұрғыдан қолжетімді. Осылайша пайдасы жоқ, зияны көп темекіге теңестірілетін өнімнің саудасы шектелмек.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымына сәйкес, стиктердің құрамындағы никотин мөлшері қарапайым темекімен бірдей зиянды. Сондықтан денсаулық сақтау туралы кодекске вейптарға қатысты түзету енгізілді. Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталды.

Вейп – сұйық және газ түріндегі темекі қоспалары бар электрондық құрылғы. Оны сатумен айналысатын кәсіпкерлер тыйым салу – мәселені шешпейді деп отыр. Вейптерге тыйым салынып, қыздырылатын темекілердің бағасы өссе, кәдімгі шылымға сұраныс арта түсетінін айтады.

Ринат Шаймырзаев, Vapeteka дүкендер желісінің директоры:

- Мен барлығын заңды түрде жасаймын. Тоқтатылу керек болса, ары қарай сатумен айналыспаймын. Дегенмен заңның барлығына ортақ болса деген қалауым бар. Өйткені көлеңкелі кәсібін ары қарай да жалғастыра беретіндер табылады. Ал оны тексеретін ешкім болмайды. Егер заң күшіне енетін болса, соған сай қатаң қадағаланса екен.

Темекі өндірушілер де айды аспаннан бір-ақ шығаратын жаңалық ұсынып отыр. Үнемі компаниямызда «ішкі зерттеу жүргізіп отырамыз» деген олар, вейптың кәдімгі темекіге қарағанда 95 пайызға зияны аз дейді. 

Олжас Бибанов, «Филип Моррис Казахстан» ЖШС коммуникациялар жөніндегі директоры:

- Біздің ойымызша табактарға дәл алкоголдерге қойылған секілді тиімді тәсілді қолданған дұрыс. Яғни ішімдіктер арасында үнемі айырмашылығына орай бағасы да қойылып отырады. Сол сияқты зияны аз дүние сатылымнан шығып, нағыз қауіпті өнімдер қолжетімді болғалы тұр. Жасалған 340-қа жуық зерттеуіміздің нәтижесінде вейп, кәдімгі шылымға қарағанда зияны жоқ екені анықталды.

Ал талайдың дертіне дауа табуға тырысқан дәрігерлер вейптің қауіптілігі қосындысындағы химиялық заттарға байланысты екенін айтады. Яғни әуелі тәуелділікті тудыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізеді.

Мади Тоқанов, Павлодар облысы «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының дәрігері:

- Құрамын ешкім нақты білмейді. Өйткені Қазақстанда зерттеу жасалмаса да, әркім өзінше айта береді. Бірақ кез келген темекі қоспаларында міндетті түрде никотин болады. Яғни ол адамға эйфория жағдайын тудырып, ой сананы өзгертеді және рахат сыйлайды. Біра, никотинді қолдану өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Мұны барлығы біле тұра, қолдануын тоқтатпайды.

Дәрігердің айтуынша, вейпинг тек шегетіндерге ғана емес, айналадағы адамдарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге зиян. Ал қыздырылатын шылымдарға салынатын акциз 70 пайыз мөлшерінде енгізілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.