{metadescription}
Маңғыстаудан астанаға әділдік іздеп келгендер далада түнеп жүр
Маңғыстаудан астанаға әділдік іздеп келгендер далада түнеп жүр

Маңғыстаудан астанаға әділдік іздеп келгендер далада түнеп жүр

Елордаға Маңғыстаудан әділдік іздеп келгендер далада түнеп жүр. Олар бес күннен бері суық тастың үстінде жатып, ыстық тамақты ұмытқан. Алаяқтарға алданып қалған бес азамат құзырлы органдардың жайбасарлығына күйінеді.

Бұл бесеу бір-бірін танымайды. Бірақ басынан өткерген оқиғалары – бірдей. Бір топ алаяқ олардың сеніміне кіріп, соңғы үлгідегі көліктерді екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеп, оны қысқа мерзімде өтеуге уәде берген. Машинаның бастапқы 30 пайыздық жарнасын да төлепті. Аңқау азаматтар «сенімді адам ғой» деп, құжаттарды оқымай, қолын қояды. Сол қызметі үшін тіпті 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Содан соң әккі қулар несиенің екі айын төлейді, де келесі айында ғайып болады. Автокөліктерді алаяқтар үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып отырған. Бүгінгі күні сан соғып қалған жәбірленушілердің банк шоттары бұғаттаулы. Ал несиенің өсімақысы күн санап өсуде. Астанаға әділдік іздеп келген бес азамат мәселесі шешілгенше, түней бермек. Өйткені Маңғыстау жақта олардың базынасын тыңдар ешкім жоқ.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұлардың жайын беске біледі. Қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер заңсыз жолмен келген көліктердің кейбірін вин-код арқылы тапқан. 16 автокөлік Ақтау қаласының айып тұрағына жабылыпты. Үш күдікті қамауда отыр.

Елде 189 жәбірленуші осындай алаяқтардың құрығына ілінген.

Бақтыгүл Ғалиева, жәбірленуші:

- Атыма 16 миллион теңге рәсімдеді. 5 миллион 600 мың теңгені менің телефоныма аударып жіберіпті, Каспи голдпен. Машина табылсын, кредитіміз жабылсын! Айлықтан айлыққа, зорға күн көріп отырған адаммын. Тек 10 мың теңгеге азықтүлік аламын. Отырмын осы жерде.  Аяғына дейін барамын. Не істеймін енді? 20 миллионды мойныма алдым, мысалы, мен қалай үйге барамын?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде