{metadescription}
Автонесие: VIN кодты тек жақындарына ғана үлестірген
Автонесие: VIN кодты тек жақындарына ғана үлестірген

Автонесие: VIN кодты тек жақындарына ғана үлестірген

Төрт пайыз несиемен туған-туыстары мен тамыр-таныстарын ғана жарылқамақ болған. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысқан кейбір автосалон мен банк қызметкерлерінің осындай былығы әшкереленіп жатыр. VIN кодты олар тек жақындарына ғана үлестіріпті.

Мұндай қитұрқылыққа барғандар жауапсыз қалмайды деді индустрия министрі.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі:

- Біз басшыларына осы бағдарламаға қатысқан соң олардың алдына қоятын міндеттемелеріміз бар. Сол себепті біз айтамыз, ол таза болуы керек, ашық болуы керек. Ол бірыңғай тәртіппен болу керек. Көрінген адамға, мысалы, мен өз туысыма, жақыныма беретіндей жағдай емес. Бүкіл халық көру керек осы тізімнен. Бірінші, екінші, үшінші тәртіппен жүру керек.

Қазір бұл бағдарлама бойынша банктер өтініш қабылдауды тоқтатқан. Өйткені лимит асып кетіпті.

Бүгінге дейін 20 мыңдай өтініш түссе, соның 10 мыңын банктер мақұлдаған. Бұл 73 миллиард теңгенің несиесі. Ал көлік алғандар әзірге 3 мыңдай ғана.

Бағдарламаға Үкімет 100 миллиард теңге бөлді. 4 пайызбен несие 7 жылға, алғашқы жарнасыз беріледі. Несие 10 миллионнан, алатын көлігіңіз 15 миллионнан аспауы қажет. Индустрия министрлігі бағдарламаны ары қарай жалғастыруға асығып отырған жоқ. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі:

- Бұл жұмыс бір күнмен шектелмейді. Бір жылмен. 100 миллиард берді ғой. Қазір оны несие ретінде берді, бірақ бірекі айдан кейін ол ақша орала бастайды ғой. Сол төлемдерге қайтадан несие беріледі. Әзірге осымен шектеліп отырмыз. Енді ар жағын қараймыз. Өте көп сұраныс туындап отыр. Оны да қарастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде