{metadescription}
Сұйытылған газдың шекті бағасы өсті
Сұйытылған газдың шекті бағасы өсті

Сұйытылған газдың шекті бағасы өсті

Үкімет сұйытылған газдың шекті бағасын көтереді. Энергетика министрлігі газ бағасын тоннасына 33 600 теңге қылып бекітпек.

Өзгеріс биыл 1-шілдеден бастап күшіне еніп, 2023 жылдың 30 маусымына дейін сақталмақ. Ал оған дейін газдың шекті бағасы тоннасына 28  мың теңге болып қала береді.

Жаңа өзгерістер күшіне енетін уақытта сұйытылған газ бағасын көтеруге енгізілген мораторий аяқталуға тиіс. Демек жанармай бекеттерінің иелері де көгілдір отын құнын көтеруге қамданып отыр.

Энергетика министрлігі бұл өзгерістерден көтерме газдың бағасы айтарлықтай өспейді дейді. Яғни қарапайым тұтынушылар үлкен айырмашылықты сезінбейді. Сұйытылған газ бағасы министрліктің болжамынша 2-ден 5 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде