{metadescription}
Электр энергиясының тарифі бір жылда 9 пайызға өскен
Электр энергиясының тарифі бір жылда 9 пайызға өскен

Электр энергиясының тарифі бір жылда 9 пайызға өскен

Еліміздегі қымбатшылық легінен жарық бағасы да тыс қалмады. Электр энергиясының тарифі тек соңғы бір жылда 9 пайызға өскен. Қуат өндіру көлемі де 0,4 пайызға төмендеді деген дерек келтірді Energyprom сарапшылары. Бұл биылғы қаңтар мен сәуір айларының арасындағы көрсеткіш.

Еліміз бойынша энергияны ең көп тұтынған өңір – Павлодар облысы. Одан кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Жалпы елде жарықты пайдалану бір жылдың ішінде 1,3 пайызға өскен. Энергия құны да соңғы үшінші жыл қатарынан тоқтамай өсіп келеді. Соңғы бір жылдың өзінде ол 8,7 пайызға қымбаттаған. Мәселен, электр плитасын  қолданатын тұрғындар сағатына 100 киловатына 1-ші деңгейде 1456 теңге, 2-ші деңгейде 1891 теңге, 3-ші деңгейде 2354 теңге төлеген. Ал электр плитасын қолданбайтын тұрғындарға сағатына 100 киловатына 1479 теңге, 1907 теңге және 2376 теңге көлемінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде