{metadescription}
Ақтөбелік қаңғыбастар бизнесмен болып шықты
Ақтөбелік қаңғыбастар бизнесмен болып шықты

Ақтөбелік қаңғыбастар бизнесмен болып шықты

Ақтөбелік қаңғыбастар бизнесмен болып шықты. Баспанасы жоқтардың интернатын жағалап жүрген 14 адамның атына әлдебір пысықайлар ірі компаниялар ашып тастаған.

Тұратын жері мен қалтасында бір тиыны жоқ бұл азаматтар өздерінің ауқаттылар қатарына кіретінін білмейді. Кейбірі тіпті жылдық пайдасы 800 миллион теңгеге жететін фирманың топ-менеджері ретінде тіркеуде тұр. Ал қалғандарын бірнеше компанияға құрылтайшы етіп қойған. Үйі жоқ мүгедектер де бизнесмен ретінде тіркеуде. Баспанасыздарға арналған интернаттағы осы 14 адамның құжатын кім пайдаланып кеткенін прокуратура ашып айтпады.

Сыртынан табыс тауып жүргендерді анықтау үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырма берілді. Ал «қаңғыбас бизнесмендерге» қатысты мәліметті бейімдеу орталығының мамандары құжат рәсімдеу кезінде біліп хабарласыпты.

Тархан Закарин, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:

Басшылығы анықтап, бізге хабар беріп тұр. Осыған дейін хабар берген сол орталық басшылары болатын. Жаңағы кейбір тұлғаларға бірінші және екінші мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігін белгілеу барысында осы факті анықталып, хабарлаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде