Өрт сөндірушілер үйден 80 жастағы әжейдің денесін алып шықты – Көкшетау
Көкшетауда тапа-тал түсте жер үй өртеніп, 80 жастағы әжей көз жұмды. Жүріп-тұруы қиын кейуана үйде жалғыз болған. Әжей өрт тұтанғанда далаға шығып үлгермепті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.06.2022
От ауладағы сарайдан тұтанған. Қатты жел тұрыпғанда өрт үйдің кіреберісіне шарпыған. Тілсіз жау әбден күш алғанда ғана көршілері көріп, құтқарушыларға қоңырау шалған. Айналаны басқан қою қара түтін мен қызыл жалыннан ағаштан салынған үйге жақындау мүмкін болмапты. Өрт сөндірушілер үйден 80 жастағы әжейдің денесін алып шықты. «Түтінге тұншыққан», - дейді құтқарушылар.
Манарбек Шапағатов, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Бір қабатты жер үй. Ағаштан салынған. Қатты желден от өршіп кеткен. Өрт бүгін болды. Қазір полиция жедел тергеу шарасын жүргізіп жатыр. Сотмедициналық, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Себеп-салдарын сараптама анықтайды. Жүріп-тұруы қиын әжей үйден шығып үлгермеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!