{metadescription}
Пәтерін қоқыс полигонына айналдырған жалғызбасты әйел ...
Пәтерін қоқыс полигонына айналдырған жалғызбасты әйел ...

Пәтерін қоқыс полигонына айналдырған жалғызбасты әйел ...

Таразда көпқабатты үй тұрғындары пәтерін қоқысқа лық толтырған көршіден ығыр болған. 46 жастағы жалғызбасты әйел екі бөлмелі баспанасына ешкімге керексіз, көшеде шашылып жатқан заттарды жинайды. Соның иісінен енді көпшілік үйіне кіріп-шығудан қалған.

Бес қабатты нысанның ең жоғарғысындағы пәтердің іші қоқыс полигонынан кем емес. Жалғызбасты әйел коммуналдық қызметтен толық ажыратылған тас қараңғы үйде бір өзі тұрады. Оның жеке басын анықтайтын құжаты да болмай шықты.  Ешкіммен аралас-құраласы жоқ кісі қоқысты бес жыл бойы жинаған.

Көршілері оның қалдық заттарға құмарлығын қойдыра алмадық дейді. Жағымсыз иіс бүкіл үйге тарап, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа қаптап кеткен. Тұрғындар үйінділерді бірнеше мәрте өздері тазартқан. Бұл жолы да адам жалдап шығартып жатыр. Бүгін жұрт шулап кеткен соң, әкімдік, полиция, психдиспансер сынды сегіз мекеме өкілдер келді. Бірақ бірде-біреуі мардымды ештеме айта алмады. Тек «жағдайды зерделейміз» деген желеумен құтылды.

Бауыржан Иманбек, полиция инспекторы:

- Қанша уақыттан кейін тағайындалады, айта лмаймын. Бұл жақта жалғыз біздің ішкі істер министрлігі саласы емес. Бұл жақта жанжақты. Заңдылықты тексереміз. Сосын шешім қабылдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде