{metadescription}
Құрты бар су ішкен еркіндіктер шетінен ауруға душар болған — Алматы облысы
Құрты бар су ішкен еркіндіктер шетінен ауруға душар болған — Алматы облысы

Құрты бар су ішкен еркіндіктер шетінен ауруға душар болған — Алматы облысы

Алматы облысының тұрғындары құрты бар суды ішуге мәжбүр. Соның кесірінен шетінен асқазан ауруына душар болған.

Жұрт тіршілік нәріндегі құрт-құмырсқаны үш жыл бұрын салынған жаңа су мұнарасына байланыстырады.

Жаңасына қосылғалы лай судан көз ашпайтын болдық дейді. Жергілікті биліктен ескі ұңғымаға қайта қосып беруді талап етіп отыр.

Алматы іргесіндегі Еркін ауылында 10 жылдан астам тұратын Эльмира Болысбаева күнделікті ішіп жүрген ауыз судағы құртты күні кеше байқаған. Ал, осыдан екі апта бұрын бес бірдей баласы асқазан ауруына душар болыпты. “Бәрі осы құрт-құмырсқасы бар судан”-  дейді.

Эльмира Болысбаева, Еркін ауылының тұрғыны:

- Таңертең күнделікті тұрғандағыдай дәрі ішейін деп суды алсам, ішінде бірдеме жыбырлап тұр. Қарасам, құрт жүр. Соны видеоға түсіріп, су басшыларына жібердім. Енді кеше келіп талдауларын алды. Бізге әлі қорытындысын берген жоқ.

Талғар ауданына қарайтын ауылға 2019 жылы жаңа су құбыры тартылған. Тұрғындар сол уақыттан бастап су тауқыметін тартып отыр екен. Айтуларынша, құм-тас, құрт аралас судың кесірінен шетінен дертке шалдыққан. Енді жұрт атқамінерлерден мөлдір су ағатын ескі ұңғымаға қайта қосып беруін талап етіп отыр.  

Фатима Бекешева, Еркін ауылының тұрғыны:

- Мазалайтын мәселе — жаңа су. Бұрын біз 2005 жылы келдік. Артезиан суы болды. Керемет. Оны құйғанда да мөлдір болып тұратын. Күзде жаңа суға қосылғанбыз. Бекер. Шын айтамын. Суды құйғанда мөлдір емес. Шүмектен аққанда бірдеме болып тұрады. Басқа түс.

Осы уақытқа дейін жүргізілген бірнеше зертхананың қорытындысына сай, Еркін ауылының суы тап-таза деген әкімдік өзіне шаң жуытпай отыр. Ал тұрғындар талап етіп отырған жарты ғасырдан астам тарихы бар ескі мұнараның әбден тозығы жеткен дейді. Десе де сол көне ұңғымадан әлі күнге дейін 100-ге жуық адам су ішіп отыр екен.

Нұрбол Есенбаев, Қайнар ауыл округі әкімінің орынбасары:

- Мұнара бар бұл жерде. Кеңес одағы кезінде салынған мұнара. 7080-ші жылдары салынған. Бұрын халық толық қосылған кезде су екі күн сайын жарылатын. Құбырдың бәрі шіріген. Оны жөндеуге келмейді. Өйткені болаттан жасалған. Кешегі құртқа байланысты зертхана алып кетті. Тексеру  жасасын, қорытынды шығады.

 Алайда тұрғындар әкімдер айтқан зертханаға сенбейді. Енді олар құрт шыққан суды тәуелсіз сараптамаға өткізбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде