{metadescription}
Жаңа үш облыста әкімдік жұмысын ұйымдастыруға  12 миллиард қажет
Жаңа үш облыста әкімдік жұмысын ұйымдастыруға  12 миллиард қажет

Жаңа үш облыста әкімдік жұмысын ұйымдастыруға  12 миллиард қажет

Жаңадан құрылған үш облыста тек әкімдік жұмыстарын ұйымдастыру үшін 12 миллиард теңге қажет. Қаржы әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға жұмсалмақ.

Бүгінгі күні үш облыстың әкімі қай ғимаратта отыратыны белгілі. Ұлытау мен Абай өңірлерінің басшылары облыс орталығындағы қалалық әкімдікте, ал Жетісу облысының әкімі жеке кәсіпкерден уақытша жалға алынған ғимаратта жұмыс істейді. Үкіметтегілер әр аймаққа барып, олардың жай-күйін бағамдап қайтыпты.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, алдағы уақытта Қонаев шаһарында жаңа әкімдік ғимараты салынады. Жаңадан құрылған облыстарда салынатын, жөнделетін нысандар баршылық. Қазынадан бөлінген 12 миллиард теңгені сол мақсаттарға жұмсау көзделіп отыр.

Жақын күндері облыстарды басқару жобасын бекіту мәселесі мәслихат сессиясына шығарылады. Құжат бекітілгеннен кейін өңірлерде облыс басқармалары құрылып, тиісті кадрлық тағайындау жүргізілмек.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Үкімет тиісті қаулыны қабылдап қойған. Онда қосымша бірліктер бөлу арқылы жаңадан құрылған облыстарда әкімдіктер штаты санының лимиті белгіленген. Мемлекеттік органдар құрылғаннан кейін облыстар арасында бюджет пен коммуналдық меншікті бөлу жұмысы басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде