Қонаев қаласындағы казинолар не болмақ?
Қонаев қаласындағы казинолардың жайын Үкімет талқылайды. Ұлттық экономика министрі бүгін осылай деді. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, бұл тақырып әзірге жабулы қазан күйінде.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.06.2022
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Осы мәселе Ұлттық экономика министрлігінің деңгейінде талқыланған жоқ. Бірақ, менің ойымша, қазір осы қалаға ерекше мәртебе берілгеннен кейін мұқият қаралатын болады. Ал олардың ғимараттары бойынша оң тиімді шешілетін мәселе. Керек болса, ол дайын болса, өз ғимараттарын жалға берсе, оны да алуға болады.
Қапшағай Қазақстандағы казино мекемелерінің жұмыс жасауына рұқсат етілген аймақтардың бірі. Ондай аймақтар Қазақстанда екеу, екіншісі Щучинск қаласында орналасқан. Құмар ойындар бизнесі ел бюджетіне айтарлықтай үлес қосып жүр. Себебі бәс тігетіндердің ордасы заңды түрде жұмыс істейді.
Қазақстанның Лас-Вегасы саналатын қала 15 жылдан кейін облыс орталығы ретінде құрылып атауын өзгертті. Күн тәртібінде енді букмекерлер мен құмар ойын ойнайтындардың тағдыры тұр. Дегенмен үкімет казино, букмекерлік кеңселерді жаба қояды дегенге сену қиын. Ұлттық экономика министрі Алматы облысы республикалық бюджеттің донорына айналады деп болжап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!