Көкшетау: «Алтынтау» кенішінде жұмысшы қайтыс болды
Көкшетау іргесіндегі «Алтынтау» кенішінде жұмысшы қайтыс болды. 48 жастағы азаматты салмағы бір тоннадай кен салынған қап басып қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.06.2022
Жұмысшы кен өңдейтін қоспалар салынған алып қаптарды жылжымалы кранмен бір өзі тасымалдап, арнайы орынға жеткізіп тұрған.19-шы қап келіп жеткенде кенеттен құлдилап төменге құлап, төменде пультте отырған жұмысшыны жаншып тастаған. Жылжымалы техниканың кілт тоқтап қалғанын байқап, дереу жеткен жұмысшылар оператордың мәйітін ғана алып шықты.
Дүйсенбек Баймусинов, Ақмола облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазір еңбек инспекторлары мен өндірістегі қауіпсіздік өкілдері тексерісті бастады. Кен салынған қаптың қалайша құлап кеткенін әзірге айта алмаймыз. Сараптама тағайындалып, жылжымалы техниканың жағдайы да тексеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!