Семейде үй өртінде екі баланы құтқарған әйел ауыр халде жатыр
Семейде 9 қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала тірідей жанып кете жаздады. Қызыл жалынның құрсауында қалған қос жасөспірімді құтқармақ болған 42 жастағы әйелдің өзі оңбай күйіп қалған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.06.2022
Тілсіз жау алтыншы қабаттағы пәтерден тұтанған. Баспана ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. Артынша қою қара түтін қалған пәтерлерге де таралыпты. Сол сәтте көпқабатты үйден сыртқа шығалмай 31 адам қалып қойған. Оның 14-і – бала. Оқиға орнына келген құтарушылар оларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жанып жатқан пәтерден 14-16 жастағы екі жасөспірім аман-есен құтқарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!