Көпқабатты үй өртінде 8 жасар бала терезеден секіріп кеткен– Кентау
Түркістан облысында көпқабатты пәтерден өрт шығып, 8 жасар бала қайтыс болды. Қызыл жалыннан қатты қорыққан ол от тұтанғанда терезеден секіріп кеткен.
Автор: Бек Әбиев
14.06.2022
Қайғылы оқиға Кентау қаласында болды. Көпқабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шыққанда, пәтер ішінде 10 жастағы қызбен 8 жасар ұл болған екен. Қара түтіннен қорыққан бала терезеден шығам дегенде құлап кеткен. Балақай ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ал түтінге тұншығып қалған 10 жастағы қыз тиісті емін алып, қазір ол туыстарының үйінде. Өрт шыққан кезде анасы далада, әкесі вахталық жұмыста болған. Қазір оларға жергілікті билік уақытша баспана берді. Болжам бойынша, өрт қуаттағышта тұрған телефоннан шығуы мүмкін дейді мамандар.
Жанна Әлімбай, Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Әкімдік тарапынан шатырды ретке келтіру жұмысы атқарылуда. Өрт кезінде балдардың құжаттары өртеніп кетуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыс атқарылатын болады. Кентау қаласының жанашырлары өрттен зардап шеккен отбасы мүшелеріне материалдық көмек ұйымдастырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!