{metadescription}
Инфляция: Үкімет бағамды тұрақтандыра алмай отыр
Инфляция: Үкімет бағамды тұрақтандыра алмай отыр

Инфляция: Үкімет бағамды тұрақтандыра алмай отыр

Елдегі жылдық инфляция мөлшері 14 пайызға жетті.Үкімет бағамды тұрақтыруға қанша тырысқанымен, әзірге нәтижесі жоқ. Тіпті Ұлттық банк төрағасы «бұл шарықтау шыңы емес» деп отыр. Ғалымжан Пірматовтың болжамынша, жыл аяғына дейін инфляция мөлшері 15 пайызға жетуі мүмкін.

Сәуір айында ғана премьер-министр 10 пайыздың жобасында ұстап тұруға тапсырма беріп, бірақ ол мүмкін болмаған. Инфляцияның бұлайша өсуіне бірден-бір себеп: азық-түлік бағасы. Елде тамақ құны 19 пайызға қымбаттаған. Өзге тауарлардың бағасы шамамен 12 пайызға жоғарыласа, ақылы қызмет құны 9 пайызға өскен. Үкімет тауар құнын жанармай бағасына енгізілген мораторий арқылы ұстап тұруды жоспарлап отыр. Ал коммуналдық төлем азаматтардың қалтасын біраз жұқартатын сыңайлы.

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасы:

-Ақылы қызмет инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының оны көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қымбаттау тәуекелдерін, сондайақ инфляциялық күтулер аясында нарықта көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін атап өтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.