{metadescription}
Қылмыстық топтан 200 келідей марихуана, 6 жарым милионға жуық қаражат табылған – Қарағанды
Қылмыстық топтан 200 келідей марихуана, 6 жарым милионға жуық қаражат табылған – Қарағанды

Қылмыстық топтан 200 келідей марихуана, 6 жарым милионға жуық қаражат табылған – Қарағанды

Қарағандыда есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардан 200 келіге жуық марихуана мен 6 жарым милион теңгеге жуық қаражат табылған.

Жедел іздестру шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірін жалдамалы пәтерде құрықтады. Одан кейін сыбайластары орналасқан қонақүйге бас сұғыпты. Ондағы екеу қашып құтыла алмады. Ұсталғандардан қыруар қаражат тәркіленді. Үшеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Тергеуде олар өзімен ала келген тауарларын көрсетті. Жүк көлігіне тиелген 8 қап кептірілген шөптің есірткі заты екені анықталған. Ал қомақты қаражат олар сатып үлгерген тауардан түскен пайда болуы мүмкін.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Ұсталғандардан 6 миллион 435 мың теңге ақша және сегіз қапқа салынған өсімдік заттары алынды. Экспертизаның қорытындысына сәйкес, оның салмағы 198 килограмм марихуана есірткі заты екені белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде