{metadescription}
«Өзенмұнайгаздағы» өртте жұмысшы тірідей жанып кетті
«Өзенмұнайгаздағы» өртте жұмысшы тірідей жанып кетті

«Өзенмұнайгаздағы» өртте жұмысшы тірідей жанып кетті

Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт шығып, бір жұмысшы тірідей жанып кетті. Қайғылы жағдай мұнай компаниясының өндірістік аймағында болған. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Өндірістік аймақтағы жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде “Урал” маркалы техника өртенген. Тілсіз жаудан «Кезби» компаниясының жүк көтергіш көлігінің жүргізушісі  қаза тапты. 43 жастағы азамат өрт ошағынан шығып үлгермеген. Өйткені жалын лезде күш алып, алып қондырғының күлі қалған.

«Кезби» компаниясының басшылығы төрт баласы жетім қалған марқұмның жерлеу рәсімін өз мойнына алып, отбасына қаржылай көмек көрсетеміз деп отыр.

Қазір полиция оқиғаға қатысты іс қозғап, өрттің неден шыққанын анықтауда. Қызыл жалынды ауыздықтауға 30 шақты өрт сөндіруші мен 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Мейірбек Исаев,  Маңғыстау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- №91-80 ұңғыманың жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік нөмірі 113 АН Урал маркалы АПРС-40 техникасының толықтай жануы салдарынан бір адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қылмыстық істер қозғалып, Қарақия ауданының полиция бөлімі айналысуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде