{metadescription}
Киік атуға кімдерге рұқсат
Киік атуға кімдерге рұқсат

Киік атуға кімдерге рұқсат

Киікті кімдер ата алады? Экология министрлігі ақыры “көбейіп кетті” деген желеумен ақбөкендерді аулауға рұқсат бергелі жатыр. Шенеуніктер киік санын реттеудің басқа амалын таппаған.

Сонымен рұқсат белгілі бір ұйымдарға ғана берілмекші. Ал қарапайым тұрғындар мен аңшылардың аулауына болмайды.

Биологиялық реттеуді зерттеп жүрген ғалымдар құралай өргеннен кейін Қазақстандағы киіктерді санап келген. Олар Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарындағы ақбөкендер тым көп деп шешіпті. Дала жануарларының жайылым мен егістіктерді таптап жатқанын осы өңірдің шаруалары былтырдан бері айтып жүр.

Негізі киік өзі төлдеген аумақтан басқа жаққа кетпейді екен. Ал сол мыңдаған гектар аумақ кезінде оңды-солды жекеге үлестірілген. Мәселені шешудің жалғыз жолы —ақбөкен санын азайту деп тапқан шенеуніктер киік етінен дайын ас әзірлеп, мүйізінен түрлі дәрі жасауға дайын.

Әлия Шалабекова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Бұл аңшылық емес. Мен сіздерге тағы да қайталап айтамын. Аң аулау болмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 мамандандырылған ұйымдардың ғана атуына рұқсат беріледі. Бұл бізде қазірдің өзінде бар. Экономикаға кесірі тимеу үшін, киіктердің санын азайтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде