{metadescription}
«Капитал банк Қазақстан» салымшыларының 90 пайызына өтемақы төлеп берді
«Капитал банк Қазақстан» салымшыларының 90 пайызына өтемақы төлеп берді

«Капитал банк Қазақстан» салымшыларының 90 пайызына өтемақы төлеп берді

2 млрд-қа жуық теңге қайтарылды! Бір жыл бұрын лицензиясынан айрылған «Капитал банк Қазақстан» салымшыларының 90 пайызына өтемақы төленген. Құрдымға кеткен қаржы ұйымының клиенттері жиған-терген қаражатын үшінші шілдеге дейін алып үлгеруі тиіс.

«Капитал банк Қазақстан» салымшыларына Еуразиялық банк төлем жасап жатыр. Жабылып қалған қаржы ұйымында 47 мыңнан астам адам ақшасын сақтаған. Егер банктің клиенттері межелі мерзімге дейін өтемақы алуға өтініш бермесе, онда депозиттегі қаражат азаматтардың жеке зейнетақы шотына аударылады. Олар теңгемен 10 миллионға дейін, өзге валютада сақтаса 5 миллион теңге дейінгі мөлшерде еш кедергісіз алады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр маусым айында "Капитал банк Қазақстанды" лицензиясын айырған. Бұған қаржы ұйымының өз міндеттерін уақытылы орындамауы себеп.

Әділ Өтембаев, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:

- Қор салымшылар алдындағы міндеттемелерін 90%-дан астамға орындады. Дегенмен банк шотындағы ақшаның аздығынан өтемақы алуға өтініш бермеген клиенттер бар. Бұрын ашылған шоттарының бар екенін ұмытып кеткен салымшылар немесе ашық депозиттердің бар екенін білмейтін мұрагерлер де жетеді. 3-шілдеде кепілдік өтемақы төлеу мерзімі аяқталады. Банк бөлімшесіне баратын мүмкіндік болмаса, өтінішті «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының» сайтында онлайн беруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде