{metadescription}
Ақтөбеде биік қабаттан қарғып өлмек болған азамат аман қалды
Ақтөбеде биік қабаттан қарғып өлмек болған азамат аман қалды

Ақтөбеде биік қабаттан қарғып өлмек болған азамат аман қалды

Ақтөбеде бесінші қабаттан қарғып өлмек болған азамат аман қалды. Тек шынтағы шытынағаны болмаса, сүйегі сау.

Ақтөбенің қақ ортасындағы үй тұрғындары “кино көргендей болдық” деп отыр. Кешқұрым аулада адам көп болыпты. Бесінші қабаттың терезесіне шығып алған 44 жастағы азамат айқайға басып, секіріп өлгісі келетінін айтқан. Өмірден баз кешкен тұрғынды құтқару үшін өрт сөндірушілер сатысын да жеткізген. Алғашқыда көнгендей болып пәтерге кіріп кеткен. Артынша ытқып шығып, терезеден төмен құлайды. Ол Алға ауданында тұрады. Осы үйдегі тұрғынның пәтерін жөндеп беруге келген екен.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бесінші қабаттан секіріп кетті. Дене жарақаттарымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Орташа дәрежелі мас болғаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде