{metadescription}
Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды
Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды. Президент бастап, әртүрлі салада елеулі еңбек етіп жүрген ел азаматтары қостаған үлкен жиын ертең Ұлытауда өтеді. Арасында, әнші де, ақын да, саясаткер де, спортшы да бар. Көпшілік мұны құптап отыр.

Әртүрлі көзқарастағы белсенділердің бір үстел басында жиналуыі түйткілді мәселелердің тез шешілуіне серпін болуы тиіс дейді құрылтайға мүше журналист Максим Рожин.

Максим Рожин, журналист:

- Басты мақсат — енді байқадық, тізім бойынша түрлі көзқарастағы, түрлі саланың мамандар кездеседі. Енді өз басым, қарағаным да бар. Таңғалғаным да бар. Менің ойым бұл құрылтайда, ертең де, алдағы уақытта да маңызды мәселелер талқыланады деп ойлаймын.

Өзіме сөз кезегі тисе, тіл мәселесін айтуға дайынмын дейді Максим Рожин. Жалпы ел халқына  мұндай талқылау алаңы маңызды. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері — қоғамдық бірлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды дамыту, халық пен билік арасындағы диалогті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Құрылтай мүшелерінің тізімінде парламент депутаттары, ақын Мұхтар Шаханов, компазитор Ілия Жақанов, балуан Ислам Байрамуков мен Дәулет Тұрлыханов сынды және тағы басқа есіме елге жақсы таныс азаматтар бар. Жұртшылық әлеуметтік желіде де жаңашылдықты жылы қабылдап пікір қалдырып жатыр.

Қанат Әуесбай, журналист:

- Құрам мықты. Ең бастысы, билік пен бұқара арасында диалог орнатудың тиімді тетігі осы. Сәттілік тілейміз. Ендігісі ісінен көрінсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.