{metadescription}
Саясат Нұрбек: «Сіздей бастығым болған жоқ»
Саясат Нұрбек: «Сіздей бастығым болған жоқ»

Саясат Нұрбек: «Сіздей бастығым болған жоқ»

Төрт ай бұрын «біссімілләсін» айтып Мәжіліс депутаты болған Саясат Нұрбек бүгін «әумин» деп жұмысын аяқтап кетті. Төменгі палатадағы мандатын тапсыруға келген ол Парламенттегі қызметінің  қысқа болғанына өкініш білдірді.

Шенеунік экс-әріптестеріне алғысын жеткізіп, болашақ арманын Мұхтар Шахановтың өлең жолдары арқылы білдірді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға». Менің арманым, білесіздер, 40 жыл жасымды білім, ғылым, ағартушылық, біздің жастарымыз, біздің мектептеріміз, біздің жоғары оқу орындарымыз мықты болсын, халықаралық стандарттарға сай болсын, ғылым көтерілсін деген арманмен жүрген азаматпын.

«Сіздей бастығым болған жоқ» деп спикер Ерлан Қошановқа мақтауын асырған Саясат Нұрбек мәжілісмендердің алғысын алды. Ендігіде экс-әріптестерінің алдына ғылым және жоғары білім министрі болып келмек. Шенеунік өзі басқаратын саланың проблемаға толы екенін халық қалаулыларына қазірден-ақ жеткізді.

Саясат Нұрбек үкіметтегі жаңа адам. Референдумнан кейін жаңа құрылған министрлікке басшы болып тағайындалғаны күні кеше. Жылы орынтаққа жайғасқан жаңа министрдің балалары Кипрде оқитыны да белгілі болған. Себебін бүгін Мәжіліс төрағасына түсіндіруге тура келді.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

- Ол бар болғаны үш пе, төрт пе, ай ғана депутат болды. Оған дейін депутат болған емес. Салық төлеушілердің есебінен жалақы алған жоқ. Сондықтан балаларын қайда оқытатыны оның құқы. Ал бұл дұрыс-бұрыстығын әр адам, әр депутат өзі халықтың, қоғамның алдында жауап беруге тиіс. Мен тек өзім туралы айта аламын. Балаларым қарапайым мектепте, №60 лицейде оқыды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде