Медициналық ЖОО студенттері мемемтихан қорытындысына күмәнді
Еліміздегі медициналық білім беретін жоғары оқу орындарының студенттері мемлекеттік емтихан қорытындысына күмәнданып отыр. Себебі: сынақтан өткен студенттердің барлығы аз балл алған. Тест нәтижесінде болашақ дәрігерлердің білімі бірдей болуы мүмкін емес дейді.
Автор: Жаңалық Азхаш
15.06.2022
Оған қоса мұндай бағамен резидентураға оқуға түсу қиын. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тест өткізген тәуелсіз емтихан орталығымен осы мәселені талқылап, әзірге бір шешімге келе алар емес.
Еліміздегі дәрігерлерді дайындайтын бес бірдей оқу орнының интерндері мемлекеттік емтихан қортындысына таң қалып отыр. Мыңнан аса жасты бөліп жармай, бәріне бірдей орташа баға қойыпты. Бұған күмәнданған ақтөбелік жастар тест алған мекеменің филиалын жағалап жүр. Ал елордадағы медициналық университет интерндері түнді өз қалаларындағы орталықта өткізіпті.
Ақбаян Төреғалиева, М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті:
- Тест тапсырып өткеннен кейін барлық студенттердің алпыс пен жетпістің аралығында біпбірдей болып шығады. Сол бірдей болып шыққанына шамалы күмәнмен қарадық. Себебі: барлық студент бірдей алып шығуы мүмкін емес.
Интернатурада оқитындардан мемлекеттік сынақ алу ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы қоғамдық бірлестігіне жүктелген. Жастар тест тапсыру кезінде жариялық жоғына ашынады. Ең қызығы апелляцияны емтихан үстінде беріп үлгеру керек.
Гүлжамал Сағидоллаева, М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті:
- НЦП-ден апелляцияға талап етеміз. Бізге қай жауап дұрыс жазбадық, қайсысын дұрыс жаздық, соны көрсетуді талап етеміз. Олардың ережелері бойынша апелляцияны тек қана тест өту барысында бере аламыз. Ол кезде біз қай жауаптың дұрыс белгіледік, дұрыс белгілемедік деп шықпайды, тек жалпы баға шығады.
Тест тапсырушылардың бірдей баға алғанына ректорлар да таң қалып отыр. Тек бір өңірдің емес, 5 аймақтағы университеттің жастарынан мемлекеттік емтиханға қатысты шағым түскен. Енді жоғары оқу орындарының басшылары да денсаулық сақтау министрлігінен осы мәселені шешіп беруді сұрайды.
Эльнара Исмағұлова, М.Оспанов атындағы БҚМУ ректорының міндетін атқарушы:
- Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарындарының барлығында осындай жағдайға орын алып отыр. Ректорлар болып Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары департаментіне хабарластық. Әлі осы мәселе талқыланып жатыр. Неге интерндердің барлығының бағасы бірдей болғанын тексереді. Сосын бір шешім қабылдайтын болар.
Тест қортындысына қатысты мамандар қазір түрлі болжам айтып жатыр. Студенттер жауапты бір-бірінен көшіріп алған немесе техникалық ақау себеп болды деген болжам бар. Десе де сынақтың сұрақ жауабын бәрімізге ашық көрсетіп берсе деген талап орандалса деп тілейді жастар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!