{metadescription}
Жағажайда демалып жатып, қызының суға кеткенін байқамай қалған
Жағажайда демалып жатып, қызының суға кеткенін байқамай қалған

Жағажайда демалып жатып, қызының суға кеткенін байқамай қалған

Ақмола облысында 12 жастағы қыз Есіл өзеніне суға кетіп ажал құшты. Ата-анасы бірнеше отбасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан демалуға келген екен. Алайда ересектер жағажайда демалып жатып, қызының суға  кеткенін байқамай қалған.

10 және 12 жастағы екі қыз өзенге тек аяғын малып көрмек болған. Осы кезде біреуі су астындағы жарға түсіп кетіпті. Оны ешкім байқамаған. Өйткені ата-аналары жайбарақат дастархан басында отырса, қалғаны волейбол ойнап жүрген. Қыздың айқайынан жүгіріп жеткенімен, құтқарып қала алмаған. Жағажайда биыл балық аулап, қайықпен қыдыруға рұқсат болғанымен, шомылуға тыйым салынған. Ескерту белгісі де бар.

Қайрат Қасым, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- 12 жастағы қыз баланың денесі 3,5-4 метр тереңдіктен табылды. Мамыр айында сүңгуірлер жіберіліп, бұл жердің су асты зерттелген. Өзенің қатты ағысы топырақты бұзып, жар пайда болған соң, шомылуға тыйым салынған. Қазір болған оқиға тексеріліп жатыр. Әрбір жағажайда  талапқа сай әзірленген құтқарушысы болуы керек. Бірақ бизнесті жөнжосықсыз тексеріп, талап қоюға қақымыз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде