{metadescription}
Ережесіз жекпе-жек чемпионы: “Мас тәртіп сақшылары мені жабылып ұрды”
Ережесіз жекпе-жек чемпионы: “Мас тәртіп сақшылары мені жабылып ұрды”

Ережесіз жекпе-жек чемпионы: “Мас тәртіп сақшылары мені жабылып ұрды”

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бақытбек Шотабаев әділдікке жете алмай жүр. Айтуынша, былтыр Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат ауылында полиция қызметкерлерінен зәбір көрген. «Мас тәртіп сақшылары жабылып ұрды» - дейді танымал спортшы.

Оқиғаға бірнеше ай өтсе де, ол істің созбалаңға салынғанына қапалы.

Бақытбек Шотабаев:

- Тоғызыншы айға кетті. Не болып жатқанын ешкім білмейді. Қылмыстық істі ешқандай нәрсе болмаған деп бір рет қысқартты. Одан кейін сотқа шағым жазып, қайтадан істі қозғады. Міне, енді бүгінгі күнге дейін ешқандай ештеңке қаралып жатқан жоқ. Облыс аумағында да біреу біреуіне лақтырады. Сараптамада пышақпен кеудеге жарақат тигізілді деген нәрсе сотпен түгелі көрсетілген, бірақ осы уақытқа дейін, білмеймін, қандай, не себеппен бұл істі қысқартып жатқанын.

Бақытбек Шотабаев сол  күні бөлесін қысым көрсеткен полицейлерден қорғаймын деп аяқ-қолы мен қабырғасынан пышақ жарақатын алыпты. Кейін түрлі себеппен қылмыстық іс бірнеше рет қысқартылған. Тек Бас прокуратураға жазған шағымынан кейін ғана сең қайта қозғалғандай. “Полицейлердің бассыздығы жауапсыз қалмаса” деп отыр танымал спортшы.

Жоғарғы сотқа дейін шағымдануға бел байлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, осы жанжалға қатысы бар тәртіп сақшылары түгел жұмыстан босатылған. Бірақ Шотабаев олардың қызметтен кеткенін емес, заң бойынша жауапқа тартылғанын талап етуде.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

- Аталған қылмыстық істі Шығыс Қазақстан облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеуде. Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 940 л/с бұйрығымен полиция қызметкерлері ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде