{metadescription}
Атырауда дөнерден жаппай уланған
Атырауда дөнерден жаппай уланған

Атырауда дөнерден жаппай уланған

Атырауда тез дайындалатын тағамнан уланған 9 адам ауруханаға түсті. Денсаулығы нашарлап үйде емделіп жатқандар да көп, арасында бір жарым жастағы сәби де бар. 

Астан уланғандардың бәрі қала орталығындағы «Афиша» дәмханасынан дөнер жеген. Кейбірі үйге тапсырыс беріп алдыртқан. Ұшынғандардың алды 14-маусымнан бастап ауруханаға түсе бастаған. Санитар дәрігерлер сол күні-ақ дәмхананы жаптыртып тексеріс жүргізген. Айтуларынша, тез тағам дайындайтын шағын дәмхана тазалық сақтамаған. Қазір мұндағы барлық азық-түліктен сынама алынып зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы он күнде шығады.

Қазір құзырлы органдар санитарлық талаптарды бұзу дерегімен кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ал инфекциялық ауруханада 9 адам ем-дом алып жатыр. Бірақ науқастар саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені дәл осы дәмханадан дөнер жегендер әлі де келіп жатыр дейді дәрігерлер.

Әділбек Мақаш, дәрігер-инфекционист:

- Науқастар әлі түсіп жатыр. Бұл науқастар фастфуд, яғни донер жеген. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлердің қарауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде