{metadescription}
Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында алапат өрт болды
Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында алапат өрт болды

Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында алапат өрт болды

Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында алапат өрт болды. Тілсіз жау киелі кешен маңындағы қос қабатты ғимараттың дәмханасынан шыққан.

Мавзолей маңындағы рестораннан қара түтін түскі сағат 12-лерде будақтай бастаған. Қызыл жалын кесенеге ауып кете ме деп үрейленген билік қаланың бүкіл күшін өртті ауыздықтауға жұмсады. Дереу жеткен 13 өрт сөндіру көлігі мен 50-ге жуық маман көрші ғимараттарға от түспейтіндей оқшаулап үлгерді.

Кешен жанындағы дәмхана жарамсыз болып қалды. Ал өрттің шығу себебін тексеруді бастаған құзырлы мекемелер бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Қызыл жалын күннің ысуынан шығуы мүмкін деген де болжам бар. Өйткені Түркістанда күндізгі сағат 12-де күн 36 градусқа дейін ысыған.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелген жоқ. Ондай хабарлама бізге түскен жоқ. Ішін өрт сөндірушілер аралап көріп шықты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде