{metadescription}
Ақтөбе: Әлі жеткенін ұрып-соғып, жиған-тергенін қағып алып жүрген
Ақтөбе: Әлі жеткенін ұрып-соғып, жиған-тергенін қағып алып жүрген

Ақтөбе: Әлі жеткенін ұрып-соғып, жиған-тергенін қағып алып жүрген

Ақтөбеде тұрғындардан ақша бопсалап жүрген күдіктілер ұсталды. Олар әлі жеткенін ұрып-соғып, жиған-тергенін қағып алып жүрген.

Қос қарақшының қылығынан тәртіп сақшыларының өзі шошынып отыр. 29 бен 30 жастағы күдікті Ақтөбенің екі тұрғынына күш көрсетіп ұрып-соққан. Оларды көпқабатты үйдің жертөлесіне қол-аяғын байлап қамап қойыпты. Еркіндікке шығуына 1 миллион 700 мың теңге алған. Бірер күн өткен соң қамауда ұстаған екеуге хабарласып, тағы бір жарым миллион теңге жеткізуін талап етеді. 

Күдіктілер 400 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Қазір екеуі де қамауда отыр. Осы қылмысы үшін олар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.