{metadescription}
Ақтөбе: Парасат ауылында су, жарық жүргізілмеген үйлер қаңырап тұр
Ақтөбе: Парасат ауылында су, жарық жүргізілмеген үйлер қаңырап тұр

Ақтөбе: Парасат ауылында су, жарық жүргізілмеген үйлер қаңырап тұр

Ақтөбе іргесіндегі Парасат ауылының тұрғындары шенеуніктерден су мен жарық жүргізіп беруді талап етіп отыр. Осыдан бес жыл бұрын осы елдімекеннен үш жарым мың тұрғынға жер телімі берілген. Содан бері небәрі тек 30 отбасы үйін тұрғызған.

Қалғаны баспана салуға коммуникация жүйесінің жоқ болуы кедергі деп налиды.

Серік Әбуғалиев, Парасат ауылының тұрғыны:

Он жыл күткен жеріміз. Арманымыз. Жас кезім. Он жылдың өзі бірталай жас деп санаймын. Енді арманымызға жеттік, қуанышымызды көреміз деп талаптанған кезде бізге мықты кедергі болып тұр. Бірінші жарық керек. Содан кейін су. Газ жайлап қалды.

Тұрғындар бірнеше жыл қатарынан су мен жарық сұрап хабарласпаған мекемеміз қалмады деп отыр. Әкімнен бастап, бәрі «қатырамыз» деп шығарып салатын көрінеді. Ал үй тұрғызу үшін су мен электр жүйесі қажет. Ең болмағанда шаңырақтарының іргетасын құюға Парасат ауылына су тасымалдау қиын. Өйткені шойын жолдың арғы бетіндегі елдімекенге жолдың жайсыздығынан көлік те көп қатынай бермейді.

Ал үй салған отыз шаңырақтың бәрі бірдей бос тұр. Айналдырған екі отбасы ғана ауылды күзету үшін Парасатта тұрып жатыр. Олар ұрылар осы маңайды үптеп кетеді деп ашынады. Ал әкімдіктегілер биыл жарық пен су құбырын тарту мүмкін емес дейді. Өйткені, құжат әлі толық мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген.

Нәбихан Дәулет, Ақтөбе қаласы ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Нақты уақытын айта алмаймын.

- Әлі сараптамадан өткен жоқ па?

- Әлі сараптамадан өткен де жоқ. Жобаны тек түзету жасап шығарып қойдық. Қазір скринингке кіреміз. 33 күн ішінде, одан соң қортынды алсақ, мемлекеттік сараптамаға жібереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде