{metadescription}
Оралда көпқабатты үйден өрт шықты
Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, барлық тұрғындарды шұғыл қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. Құтқарылғандардың арасында балалар да бар.

Өрт тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы балконнан шыққан. Жалын лезде күш алып жоғарғы қабаттағы пәтерді шарпыған. Куәгерлер дереу төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақыртыпты. Құтқарушыларға биіктегі отты ауыздықтау оңайға түспеді. Дегенмен өртті өршітіп алмай дер уағында сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Тек балкон ғана зақымдалған.

Илья Капашев, БҚО ТЖД Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы:

- Құтқарушылар өз жұмысын тыңғылықты атқарудың арқасында өрт аз уақытта ауыздықталды. Бір сағаттың ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебін анықтап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде