{metadescription}
Экология министрлігі: Итбалықтар қыс жылы болғандықтан қырылған
Экология министрлігі: Итбалықтар қыс жылы болғандықтан қырылған

Экология министрлігі: Итбалықтар қыс жылы болғандықтан қырылған

Итбалықтың қырылуына қыстың жылы болуы себеп. Экология министрлігіндегілер теңіз жануарларының жаппай қырылуын енді күн райымен байланыстырып отыр.

Жыл басталғалы Каспий жағалауына 220 итбалықтың өлексесі шығып қалған еді. Сол кезде инспекторлар жануарлардың тісі мен тырнағынан сынама алынды деген. Бірақ бүгін министрлік мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, өлексе суда ұзақ жатып, ешқандай зерттеуге жарамай қалған.    

Мамандар итбалықтың қырылуына теңіздің солтүстік бөлігін тереңдету себеп болуы мүмкін деген болжам айтқан. Алайда министрлік мұны да жоққа шығарды. Өңірде ұқсас жағдай бес жыл бұрын тіркелген. Табиғат заңдылығы бойынша итбалықтар мұз үстінде туады екен. Бірақ биыл қыс жылы болып, теңіз бетіне мұз қатпаған. Сондықтан, туғаннан кейін жетіліп үлгермеген күшіктер суға кетіп өліпті.  

Аян Бахиянов, ҚР Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

- Жаңа туған итбалықтың күшігі суға түссе, бірден қатып қалады. Мұз болмағасын, бәрі суға кетіп өлген. Ал кей өлекселердің басы, қанатшасы, құйрығы жоқ. Өйткені олар браконьерлердің ауына түсіп қалған болуы керек. Сосын балықшылар ауды жинап алу үшін оларды кескілеп тастауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде