Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысын тағы тоқтатты
Қазақстан мұнайының 80 пайызы экспортталатын Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысын тағы тоқтатты. Жөндеу жұмыстары алдын-ала жоспарланған дейді Энергетика министрі Болат Ақшолақов. Бұған су астынан екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған жарылғыш заттардың табылуы себеп.
Автор: Елдос Есенбол
20.06.2022
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Жоқ мен сізге қазір ғана айтып отырмын ғой. 15 маусымнан 25 маусымға дейін жүргізіліп жатқан жұмыс. Осы өткен аптаның басында жарияланған. Ешқандай қатынасы жоқ оған. + 00:33 00:45 Баяғы әлемдегі екінші соғыс болған кезде содан қадған бомбалар мен миналар. Соларды алғашқы жұмыс жасалу үшін бұларды тазарту керек деп. 15 маусымнан 25 маусымға дейін тоқталады деп айттым.
Каспий құбыр желісі консорциумының тағы тоқтауын көпшілік Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі мәлімдемесімен байланыстырған болатын. Бірақ жауапты министрлік мұны жоққа шығарды. Құбыр желісін жөндеу туралы шешім Петербург саммитінен бір апта бұрын шығып қойған екен. Желіде тіпті Қазақстан қарсы шара ретінде ел аумағында Ресей көмірін тиіген 1700 вагонды тоқтатып тастады деген де ақпарат тараған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл ақпардың да шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Темір жол штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідірістер жоқ» делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!