Элеватордан құлаған бала қайтыс болды
Ақтөбеде қараусыз қалған элеватордан құлаған бала қайтыс болды. 9 жастағы Батырға қолдан келер барлық ем-домын жасадық дейді дәрігерлер. Бірақ 20 күн жансақтау бөлімінде жатқан оқушы ақыры есін жия алмапты.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.06.2022
Қайғылы оқиға дәл балаларды қорғау күнінде, айдың басында болған еді. Тоғыз жастағы ұл өзімен қатарлас балалармен қаңырап бос тұрған элеваторға ойнауға барады. Сол жерде тереңдігі 20 метрлік астық жинайтын резервуарға құлап кеткен. Мұны қасындағы балалар қорыққаннан ешкімге айтпаған. Бар сүйегі сынып, ауыр жарақат алған бала алты сағаттан астам сол жерде жатып қалған. Тек түн болғанда бір оқушы құлаған жерін көрсетіп, резервуардан құтқарушылар шығарып алды. Ол кезде ашық-шашық жатқан элеватордың есігі мен барлық тесігін, қазір кірпішпен қалап тастаған. Бұл ғимарат банкттердің бірінде кепілде тұр. Осы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал жиырма күн жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Батырды аман алып қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер.
Ербол Жапақов, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
- Мүмкін ерте келсе, біздердің шанс болар еді мүмкін. Бас ми жарақытмен түсті, кома 3те. 20 күн реанимацияда жатты. Биологиялық өлім тіркелді, сол себепті судмедэкпертизаға жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!