{metadescription}
Жекешелендіруді бақылау керек
Жекешелендіруді бақылау керек

Жекешелендіруді бақылау керек

Елдегі жекешелендірудің қалай болса, солай өтіп жатқаны мәжілісмендердің ашуын туғызды. Мемлекеттің ақшасына салынған нысандар жеке кәсіпкерлерге арзанына сатылып жатыр екен. Дания Еспаева әсіресе, емханалар мен басқа да медициналық нысандардың өте төмен бағада саудаланғанын айтып қалды.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

Жыл сайын республикалық денсаулық сақтау жүйесіне триллион теңгеден астам қаржы құйылды. Оның ішінде медициналық мекемелерді жаңғыртуға бағытталды. Алайда, нысандарды сату кезінде бұл сомалар мүлдем ескерілмеген. Егер мемлекет бүгінде жаңа денсаулық сақтау нысандарын салуға ақша жұмсап, оған салық төлеушілердің миллиардтаған ақшасын жұмсаса, жұмыс істеп тұрған клиникаларды бір тиынға сатудың мәні неде?

Министрлер кабинеті жекенің қолына өтеді деп 700 нысанның тізімі жасаған. Арасында медициналық ұйымдар да бар. Мұны естіген депутаттар бірнеше жылдан кейін бұл нысандарды сатып алмаймыз ба деп күдіктенеді. Арзанына емес, қымбатына әрине. Өйткені, дәл осындай оқиға балабақшалармен болған екен. Дегенмен, Қаржы министрлігі тізімді қайта қараймыз деп ақталды. 200 кәсіпорын әлеуметтік маңызға ие болғандықтан, жекешелендірілмейтін болды. Қандай нысандар екені, анық айтылмады. Белгілісі, медициналық ұйымдардан бөлек, «Қазпошта» де жекешелендірілетін мекеме қатарында. Мемлекеттің ақшасына салынған нысандардың төмен бағада сатылуына қатысты Қаржы министріне біраз ақталуға тура келді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі:

- Төмен бағада сатылуға қатысты айтайын. Есеп комитеті де бұл туралы ақпарат берді. Шындап келгенде, бұл жерде мәлімет дұрыс берілмеген. Кәсіпорынды сатарда баланстық баға, сосын арнайы құнын бағалайтын компаниялар жасайтын бағалау құны деген болады. Нарықтық баға деген нысанның нақты сатылған бағасы. Бұл жерде шатастырмаған дұрыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде