12 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус тек екі ірі қалада ғана анықталып жатыр. Өткен тәулікте 12 қазақсандық коронавирус жұқтырды. Екеуі елорда, оны Алматы қаласының тұрғыны.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.06.2022
Қазіргі уақытта 193 азаматтың коронавирустан емделіп жатқаны белгілі. 44-і стационарда жатса, қалған 149 науқас үйлерінде оқшауланған. Ал, екпе салдырушылардың белсенділігі төмендепті. Мұны Ashyq жүйесінің алынып тастауымен байланыстыруға болады. Сондай-ақ, маусымдық аллергия асқынатын шақта қарсы көрсеткіші бар адамдарға екпе салынбайды. Ал, Денсаулық сақтау министрлігі барлық ауруханада вакцина жеткілікті екенін айтады. Негізінен ҚазВак ұсынылады. Одан бөлек Файзер мен Синофарм бар.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Ұжымдық иммунитет деңгейіне жеткілікті мөлшерде адамдар егілген. Сондықтан қазір осы коллективті иммунитеттің арқасында жағдай тұрақтанып отыр.0754 медициналық ұйымдарында 500 мың доза мөлшерінде казвак вакцинасы бар. Бұдан басқа Файзер вакцинасының 355 мыңнан астам көлемі бар және бұдан басқа Синафарм Қытайдың вакцинасының 1,2 млн нан астам дозасы қазіргі кезде республика бойынша медицина ұйымдарында және де басқа да вакцина қоймаларында бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!