{metadescription}
Онкологиялық орталықта қажетті препарат жоқ
Онкологиялық орталықта қажетті препарат жоқ

Онкологиялық орталықта қажетті препарат жоқ

Алматыда 600-дей науқас ағзасында қатерлі ісіктің бар не жоғын анықтай алмай отыр. Оған Онкология және радиология институтындағы диагностикалық сканердің жұмысының тоқтауы себеп. Өйткені Ядролық физика институтында адамның ағзасын сканерлеу алдында қабылдайтын радиофарм препаратын шығаратын модуль синтезі істен шыққан. Соның салдарынан еліміздегі жалғыз өндіруші мекеме шаһардағы обырдан емдейтін қос медициналық мекемеге дәріні жеткізуін тоқтатыпты. Енді науқастар тексерістерін кейінге шегеруге немесе өзге қаладағы онкоорталықтарға аттануға мәжбүр.

Құрылғыны Республикалық онкология және радиология ғылыми институтына осыдан төрт жыл бұрын орнатқан. Ол – адам ағзасын сканерлеу арқылы қатерлі ісіктің ошақтарын анықтайды. Яғни індеттің бар жоғы мен қоса, қай мүшеде орналасқанын және қандай сатыда екенін көрсетеді. Жаңа технологияның көмегімен жүз мыңнан астам науқас індетін білген. Алайда соңғы уақытта құрылғы жұмыс істемей қаңырап тұр. Өйткені диагностиканы бастаудың алдында пациент қабылдайтын радиофарм препараты жоқ.

Жандос Аманқұлов, ҚазОРҒЗИ Радиология және ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі:

- Циклотрондағы модуль цинтезінің істен шығуына байланысты қазір радиофармпрепарат өндірілмейді. Егер науқаста ПЭТ-КТ зерттеу көрсетілген. Бірақ осы ПЭТ-КТ зерттеуін басқа ешқандай инструменталдық әдіспен алмастыра алмастыра алмайтын болсақ, онда ол науқастарды Нұр-Сұлтан қаласындағы немесе Семей қаласындағы ПЭТ-КТ орталықтарына жібереміз.

Радиофарм препарат елімізде Алматының іргесіндегі жалғыз Ядролық физика институтында шығарылады. Ондағы мамандар модуль синтезінің істен шығатынын бір жыл бойы ескертіп келіпті. Содан бері науқастар зардап шекпесін деген мақсатта Энергетика министрлігі пен МАГАТЭ ұйымына да хат жолдаған. Алайда одан еш нәтиже жоқ. Енді тықыр таянған сәтте серіктестері болған онкоорталықтарға қолқа салуға мәжбүр.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

- МГТ тоқтады деген сөз –жаман ауруға қарсы диагностикаға қарсы біз жұмысты тоқтаттық деген сөз емес. 05:36 Біз осы сұранысты былтырдан бастап қажетті органдарға жазғанбыз. Одан басқа жаңағыдай екі компания жекеменшік компаниялар өздері алып беріп жатса, болашақта қаржылық жағдайымыз дұрысталып жатса институттың онда біз өзіміз де қосымша бюджеттік емес қаржылардан оны сатып алуға мүмкіндігіміз болған кезде сатып аламыз.

Елімізде қатерлі ісікпен ауыратын 170 мыңға жуық науқас бар. Ал, жыл сайын 30 мың адамнан обыр анықталады.  Қазірдің өзінде 20-дан астам пациентті ПЭТ-КТ-ға түсу үшін Семей қаласына жіберуге мәжбүр болған. Ал модуль синтезі Еуропадан жеткізілгенше екі ай уақытты қажет етеді екен. Осылайша онкоинститут мамандары науқастарды аталған томографияға түсіру 15 тамыздан басталады деп үміттенеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.