Құстар қырылып жатыр
Маңғыстау облысында суқұзғындар теңізегі дүлей дауылдан қырылуы мүмкін. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары осылай деп отыр.
Автор: Айман Нұрмағанбет
21.06.2022
160-қа жуық құстың өлексесі Маңғыстау облысындағы Баутин, Аташ елді-мекені маңындағы жағалаудан табылды. Теңіз бетіне қалқып шыққан суқұзғындарының өлексесін алғаш болып ауыл тұрғындары байқаған. Құстардың жаппай қырылуынан жағалауды жағымсыз иіс жайлап, теңізге жақындау мүмкін болмаған. Сондықтан экологтар судан және өлген құстардан сынама алып, зертханаға жолдапты. Оның нәтижесі бір айдан кейін белгілі болады. Ал, жиналған өлекселер өртелді.
Ғаббас Досатов, Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
- Жақын арада өлмеген. Себебі, иісі шығып, шіріп жатты. Мамандар мүмкіндігінше 2-3 құстан алды. Оны лабороторияға жіберді. Қорытындсын күтеміз. + Құстарды визуально көзбен қараған кезде табиғи өлексеге ұқсайды. Себебі, уже бір айдың ар жақ, бер жағында өлген. Сосын кешегі аралдарда болмаса теңіздегі ескі ауларға түсіп қалып, сосын желмен шығып қалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!