{metadescription}
Ақтөбе облысында жайылым жер жоқ
Ақтөбе облысында жайылым жер жоқ

Ақтөбе облысында жайылым жер жоқ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Көктоғай елді мекенінде жұрт төрт түлігін өріске шығарудан қалған. Жайылымның көбі жекеге өткендіктен ірі қарамыз бөтеннің жеріне кіріп, айыппұл төлеп жүрерміз деп қорқады. Ал жергілікті шенеуніктер болса жыл санап мал басының көбеюінен жайылым жетпей жатқанын айтып ақталды.

Алға ауданына қарасты Көктоғай ауылында жүзге жуық шаңырақ бар. Мұндағы жұрт төрт түліктің арқасында күн көріп отыр. Елдімекендегі ірі қараның саны екі жарым мыңдай болады. Енді соны жаятын жер жоқ.

Көптоғайдың тұрғындары таң атасымен мал жайлаған бойда ауылдағы шағын амбулаторияның алдына жиналуды әдетке айналдырған. Кәрі-жасы, тіпті жаңа түскен келіндеріне дейін осы жерден табасың. Жиналыстарында қозғалатын жалғыз мәселе – мал жайылымы.

Зүбайда Римова, Көктоғай ауылының тұрғыны:

Ұстаған малымызды жаятын жеріміз жоқ. Жеріміз, енді қайтайын. Мал көбейеді. Пенсиямыз жоқ. Сол жер туралы бар жерге жазып жатырмыз. Бәрінен көмек сұрап жатырмыз. Малымыз бар да, жеріміз жоқ. Сол жерді ауылға қайтарып берсін деп талаптанамыз.

Көктоғайда мүйізді ірі қара мен қой-ешкі ауыл арасында жайылып жүр. Жердің көбі жеке қожалықтарға өтіп, өріс тарылған. Алайда шағымымызды естіп жатқан әкім жоқ деп ашынды тұрғындар.

Орынгүл Жанәділова, Көктоғай ауылының тұрғыны:

Жанайқаймен ауданға барды. Аудан әкіміне барды. Аудан әкіміне барғанмен кіре алмады олар. Оларды қабылдамады. Замына қабылдап, замы шығарып салма сөзбен жіберген.

Шенеуніктер болса өздеріне шаң жуытар емес. Бір жыл ішінде керсінше ауылдың жайылымын екі жарым мың гектарға кеңейткендерін айтады. Тұрғындар қорадағы мал басын көбейтіп, жайылым содан тарылып отыр деп ақталды.

Арман Бошанов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

Көктоғай ауылының именно сол Қарақұдық селолық округіндегі ауыл шаруашылығы өте дамып тұрған ауылдың бірі. Тұрғындар малды өте көп ұстайды. Жаңағы ауылдың Көктоғай тұрғындарына мал жаюға 3700 гектар жері бар. Одан бөлек жақында крестянский хозайство Востоктан қосымша 193 гектар жер қайтарып, енді оны да қосып беріп жатырмыз.

Тұрғындардың қорасындағы мал басын шектеуге әкімдіктегілердің құқығы жоқ. Бірақ қожалықтардың жеріне бақылау жүргізіп, бос жатқан телімдерді ауылдың жайылымына қосып отыратындарын айттты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.