{metadescription}
Тәркіленген контрабандалық тауарларды кәдеге жаратты
Тәркіленген контрабандалық тауарларды кәдеге жаратты

Тәркіленген контрабандалық тауарларды кәдеге жаратты

Семейде кеденшілер тәркілеген контрабандалық тауарлар өңірдегі балалар мен қарттар үйіне таратылды. Жалпы құны 41 миллион теңге тұратын тұрмыстық заттар біздің елге заңсыз әкелінген.

Киім-кешекке лық толы жүк көлігі "Бақты" кеден бекетінде ұсталған. Шетелдік азамат декларацияланбаған тауарды Қытайдан Венгрияға алып өтпек болған. Кедендік тексеру барысында көліктен аяқ-киім, балалар мен ересектер киімі және өзге де халық тұтынатын заттар тәркіленген. 982 жәшік тауарды кәсіпкер заңдастырудан бас тартыпты. Сондықтан арнайы құрылған комиссия, оны әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге беруге шешім шығарды. Өйткені бұған дейін контрабандалық тауарлар арнайы полигонда өртелетін.

Досжан Мұхамедиев, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы:

- Сіздер көргендей жаңа қолданыста болмаған. Әр түрлі трикотаж. Ішінде аяқкиім, балалар киімі, ер адамдар киімі бар. Соны балалар үйіне басқа да әлеуметтік ұйымдарға тегін таратуға ШҚО комиссия мүшелері шешті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде