{metadescription}
Мейрам қарсаңында үздік полицейлер марапатталды
Мейрам қарсаңында үздік полицейлер марапатталды

Мейрам қарсаңында үздік полицейлер марапатталды

23 маусым - Қазақстан полициясы күні! Айтулы мейрам қарсаңында Алматы қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті үздік қызметкерлерін марапаттады.

Арнайы марапат алғандардан бөлек, бүгін шені өсіп жаңа погон таққан қызметкерлер де көп болды. Құқық қорғау саласына ғұмырын арнаған ардагерлер де елеусіз қалмады. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті осылайша Полиция күні қарсаңында үздіктерін құттықтады. Әдетте қатқыл дауыспен қатаң тапсырмасын беретін бастықтардың да жүзі жайдары. Бір-біріне жылы лебізін білдіргендер залдағы жас полицейлерге ел тыныштығы үшін адал қызмет етіңдер деген тілегін жеткізді.

Ерлан Ұзақов, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

Қызметкерлердің туған-туысы шақырылды. Мұндай іс-шара соңғы екі жылдың ішінде коронавирусқа байланысты болған жоқ. 0215 Бүгінгі іс-шарада Ішкі істер министрінің атынан және Қылмыстық атқару жүйесі төрағасының  атынан, Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының атынан үздік қызметкерлер марапатталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.