{metadescription}
Денесін бөлшектеп, өзенге тастаған
Денесін бөлшектеп, өзенге тастаған

Денесін бөлшектеп, өзенге тастаған

Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс тергеліп жатыр. Жабай өзеніне қармақ салған балықшылар қапқа салынған әйел адамның дене мүшелерін тауып алған. Атбасар қаласы тұрғындарының зәре құтын қашырған оқиға орнында полиция әлі де жұмыс істеуде.

Жабай өзені жағасында дем алып жатқан балықшылар таң ата қамыс арасында жатқан  аузы буылған қапты байқап қалады. Ортаға алып шығып, ашып қарағанда зәрелері ұшқан. Себебі оған адамның бөлшектелген дене мүшелері салыныпты. Аяқ-қолдары мен санын кескілеп қапқа тығыздап тастаған. Полиция көп кешікпей айуандықпен өлтірілген Атбасар қаласының 25 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Марқұм сәуір айынан бері көрінбей кеткен дейді көршілері. Қазір полиция сүңгуірлермен өзеннен марқұмның басы мен өзге де дене мүшелерін іздестіріп жатыр. Қанды оқиғаға қатысы болуы мүмкін күдікті қамауға алынған.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікке іліккен 31 жастағы азамат ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.Ол марқұмның азаматтық некедегі күйеуі. Басқа мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан әзірге жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде