{metadescription}
Өз анасын өлтірген қыз сотта жауап бермек
Өз анасын өлтірген қыз сотта жауап бермек

Өз анасын өлтірген қыз сотта жауап бермек

Ақтөбеде өз анасын өлтірген оқушы қыздың ісі сотқа жолданды. Онымен бірге осы қылмыс үшін колледж студенті де жауап беретін болады.

Бұл қанды оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болған. Тергеу кезінде оқушы мен студент кінәларын бірден мойындапты. 16 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірген соң, жігітімен бірге өлі денені балконға шығарып тастаған. Мәйіт сол жерде бірнеше күн бойы жатыпты. Анасын өлтірген қыз жасы он алтыға жетсе де, кешкі мектептің бесінші сыныбын ғана биыл бітірген. Бұрын бастауышта оқып, сабағын тастап кеткен екен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырған. Жастардың мұндай жауыздыққа не үшін барғанын прокурорлар ашып айтпай отыр.

Әсел Өтенова, Алматы ауданы прокуратурасының аға прокуроры:

16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыптаушылар қылмысты жасағаннан бірнеше күн өткеннен кейін ғана хабарлағаны анықталды. Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.